Туған жер

Баян-өлгий қаласын екіге бөліп ағатын Қовда өзені бұдан әрі тура шығысқа қарай 80 шақырымдай ағып Алтанцөгц ауылынан өтіп барып солтүстікке кілт бұрылады. 15-20 шақырымнан кейін өзеннің алқабы кеңіп жалпақ орманның арасымен кетеді. Дәл осы жер Қара-арал деп аталады.

Бала кезде өскен жер
Жастық дәурен кешкен жер.
Таза ауасы дем беріп
Бетіңді өпкен самал жел.

Ховда өзеннің жағасы
Қалың орманның арасы.
Сол жердегі халықтың
Болушы еді панасы.

«Қара-арал» деген жер еді
Жерұйықпен тең еді.
Құт мекенге келген елге
Кәсібін қүдай береді.

Балығы суда тулаған
Түрлі құстары шулаған.
Бейбіт еркін өмір сүріп
Тып-тыныш өткен бір заман.

Туған жер алтын бесігім
Дүниенің ашқан есігін.
1947- ші жылдары
Қойылыпты есімім.

Артта қалыпты 77 жылым
Содан бері таппаған екем тыным.
Адамның көбі солай екен ғой
Күйбең тірлікпен өткізетін күнін.

Тауларының кендері

Оңтүстікте күн астында жарқырап
Таудан аққан бұлақтары сарқырап.
Патшаның ақ ордасы тәрізденіп
Мұз жамылған «Самбагарав» тау тұрад.

Солтүстікте асқаралы «Асқынтым»
Алтынға бай болған еді тасқын тым.
Орыстар да тонап еді байлығын
Шын иесі болған екен енді кім?

Қызыл таудың кеніші бар вольфрам
Үлкен байлық емес пе бұл толқыған.
«Елі байдың- жері бай» деген сөз бар
Ел бай болса өздігінен шыға береді толқып ән.

Қытай қазақтары халық әні.

Ою

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *