Жетпіс жасқа келсеңіз
Көтеріңкі болсын еңсеңіз
Сізге арнап айтылған
Шумаққа көңіл бөлсеңіз
Жиырма бесте жас едің
Жастықтың буына мас едің.
Отызға келдің оңалдың
Орнықты жігіт боп алдың.
Қырыққа келдің қыр асып
Семьяңмен жарасып.
Еңселі елуге келгенде
Елеулі не бітірдім дедің бе?
Арқалы алпысқа келгенде
Артыма не қалдырдым дедің бе?
Жетелі жетпіске келгенде
Жетпіс жылғы бақытым
Балаларым екен ғой дедің бе?
Балалардың арқасында
Бүгін міне үлкен той
Осылардың ортасында
Қызығын көру бақыт қой!
Күміс тойдан өтіпсің
Алтын тойға жетіпсің
Тойың тойға ұлассын!
Семяңмен бірге ұзақ жасап
Сексен жасың серуен болсын
Тоқсан жасың той болсын
Қажымай талмай жүзге жет!
2025.07.12
Аман болсын мал мен бас Құтты болсын алпыс жас. Білгісі келсе қауымдас Әбіл маған бауырлас. Алладан болып ықылас Жыл өткен сайын алға бас. Дәулет өсіп, бақ қонып Домалай берсін өрге тас. Жасың жүзге жетсе де Қайратың болсын мұқалмас Денсаулық берсін жұқармас. * * * Кішкентай ғана баласың Мектепке алғаш барасың Әліппенің ішінен Ғылымның кілтін табасың! Бірге баратын баланың Құтты болсын қадамы Үздік болсын сабағы Биік болсын талабы Оқу оқып ержетіп Адам боп шықсын саналы!
Добавить комментарий