Қазақтың арғы тегі түркі. Түркіден Алаш. Алаштан үш бала туады: Созақ, Қазақ, Қарақалпақ деген. Соның ішінде Қазақтан үш бала туады.
Олар: Ақарыс (ұлы жүз), Жанарыс (орта жүз), Бекарыс (кіші жүз) болып келеді. Ұлы жүзде — Төле би, Орта жүзде — Қазыбек би, Кіші жүзде — Әйтеке би болыпты. Шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Қазақтар өз бастауын Алаша ханнан алады. Шежіре — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы деп түсіндіреді википедияда. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Шежірелердің ең құндылары — Мұхаммед Хайдар Дулат пен Қыдырғали Жалайыридың еңбектері болып саналады.
Қазақ балаға жастайынан бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, ататегін, руын, білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөз бар.
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. «Жеті атасын білмеген жетесіз». «Ата тегін айтқанның айыбы жоқ» дейтін сөз бар. Арғы жетінші атадан бері қарай тараған аталар өзіне шейін бір атаның балалары болып саналады. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Бір қаннан тараған адамдардың некелесуінен: әлжуаз, ауырушаң, ақыл есі кеміс, әдепсіз ұрпақ өмірге келеді екен.
Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған.
Өз әкесінен бастап жоғарыға қарай жетінші атасына дейінгі аталардың атауы: Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Тек ата, Түп ата, Жеті ата деп аталады.
Өз шешесінен бастап жоғарыға қарай жеті әжеге дейін: Шеше, Нағашы әже, Арғы әже, Баба әже, Тек әже, Түп әже, Жеті әже деп аталады.
Ал, баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Олар: Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене. Жүрежат, Туажат, Жұрағат, Жат жұрағат, жегжат, болып келеді.
Қыздан туған бала — жиен деп аталады. Жиеннен туған бала — жиеншар. Жиеншардан туған бала — дегеншар. Дегеншардан туған бала — көгеншар деп аталады.
Бөле — туысқан, ағайын адамдардың арасында қыздарынан туған бала. Қарын бөле — бір туған әпкелі-сіңлілердің баласы.
Абысын – қайын ағасының әйелі. Ажын – қайын інісінің әйелі.
Қазақта туажатқа кейде некеге рұқсат берген, деседе жүрежаттан бастап некеге рұқсат береді екен.
Жұрағат дегеніміз — алыс туыстар, руластар.
Жекжат, құда-жекжат бұлар — құдалар, қандас туыс емес, ілік-шатыс құда адамдар.
Құдандалы адамдар — қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.
Алаштан бізге дейін. ↑ Мына төртбұрыш белгіні шертіп үлкен терезеде көріңіз.
Қара орман қазақтың ішінде біз қайдан шығып, қайдан тараймыз. Ата тегін біліп жүру әркімге парыз. Бұл біздің келешек ұрпағымызға тіпті ағайын туыстарымызға да қажет. Қазақ шежіресі Алаштан бастау алады. Олай болса Алаштан бізге дейінгі аталар:
Алаш — Ортажүз — Керей — Абақ — Шеруші — Күнтуған — Бақат — Сатыпалды — Байғара — Киікбай — Көбеген — Ақтай — Жантемір — Бұқарбай деп 14 атаға жалғасады.
Бұқарбайдан — Самырхан, Лақан, Әділхан, Ховдахан, Білеухан деген 5 ағайынды.
Біз Ховдаханның баласымыз. Ховдаханнан — Қазы, Тохай, Әбділ, Әбіл.
Қазыдан — Балуан. Балуаннан — Бақытбек, Бақытжан, Жеңісбек, Арысбек.
Тохайдан — Дәулетхан, Ардақ, Ардақтан — Архат.
Әбділден — Серікбол.
Әбілден — Бақытжан. Бақытжаннан — Ақтілек, Нұртілек, Аллажар дейтін балалар бар.
Сатыпалды мен Төлек Бақаттан туады. Арғы атасы Шеруші.
Енді осыдан қалып қойған үлкендер мен балаларды толықтырсақ: Бақат — Төлек — Таңатар — Жол-жақсы — Кеңетек — Жүгенбай — Жалыби — Әйтай.
Әйтайдан — Жұлдыз, Серік, Ерғанат. Жұлдыздан — Назарбек, Қызырбек. Серіктен — Базарбек, Мерейбек, Керейбек. Ерқанаттан — Дарын деген балалар бар.
Және Тағы да Жүгенбай — Мақажан — Көндей, Қатқылбай-қатай, Қуаныш-қуатай деген аталар ішінен: Көндейден — Файзолда, Нұрлан, Ержан. Қатқылбай-қатайдан — Талғат, Құрмет, Бақыт, Ертай, Сережат. Қуаныш-қуатайдан — Сәбит, Еренғайып, Еркін. Сәбиттен — Арманбек, Бейбарыс. Еренғайыптан — Ерасыл дейтін бала бар.
Қажынәбиден — Сандал, Зейнолда, Декан, Накан болса: Сандалдан — Аққожа, Сейтқожа, Амантай, Асан. Деканнан — Бердіхан. Наканнан — Наурызхан.
Түсіп — Абдолла — Қарынбай деген атадан: Қарынбайдан — Володя, Укай, Кәнжіл. Укайдан — Бердібек, Тілеубек, Айдын. Кәнжілден — Алмасбек.