Баян өлгий

Монголия түрк тектес халық. Түрк тектес елдердің алыс ертеден тараған ұрпақтары. Монгол тарихы тым ертеден, тас дәуірінен басталады деп айтады. Алғашқы жердің су құрсауынан ашыла бастаған биік жер шоқтығы Монгол жерінде адамдар пайда болуы мүнкін деген дәлелденбеген болжам бар.

Чингис хан 1206 жылдан бытыраңқы Монголдардың басын біріктіріп, дүние жүзін түгел бағындыруға жорық жасағаны белгілі. Ұзаққа созылған жорықта Чингис хан көптегеген елді бағындырған.
1368 — жылдан бастап Монгол елі ішкі көтерілістердің көбеюінен әлсіреп, қайтадан бытрай бастаған. Себебі қандай ел болмасын өзге бір елдің билігін қабылдағысы келмейді ғой. Сөйтіп Монголдың құдіретті елге айналып барып қайта құлағаны тарихтан белгілі.

Кейін Қытайдың Манж үкіметі Монголды көп жылдар бойы езгісінде ұстап дүние жүзілік мәдениеттен, өркениеттен қалыс қалдырған. Тек Манж үкіметі құлағаннан кейін ғана 1911 жылы «Монгол Улс» атанып, қайтадан хан басқаратын ел болып құрылған. Монголдың дін басын қосып басқаратын ханы болып Богд Жавзандамба сайланған.
1919 жылы Қытай әскері орыста төңкеріс басталғанын пайдаланып монголға кіріп әмірін күшпен жүргізе бастаған. Осы орайда Қызыл Армиядан қашқан ақ гвардияның генералы Барон Унгерн монголға жан сауғалап кірген болатын. Ол тыныш болған жоқ, монгол билігін өз қолына алғысы келді. Сөйтіп ол 1921 жылы билікті қолына алу үшін қытай әскерін монголдан қуды. Монголды манж әскерінен азат етті.
Және сол жылдары Монгол революцинерлері орыстан көмек сұрай барып, қаланы сырт күштерінен біржола азат етіп жаңа үкімет орнатты. Сонда да Богд ханның билігі өзі өлгенше 1924 — жылға дейін жалғасып өз күшінде қалды. Богд хан өлгеннен кейін ғана жаңа үкімет өз күшіне еніп, хандық үкіметтен бас тартып, социализм құруға кірісіп кеткен.

Монгол халқы аз бола тұра үлкен көлемді жер иемденген. Жері батысынан шығысына дейін 2392 км. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін 1259 км болады. Бұл әрине ұлан байтақ үлкен жер. Европаның кіші жер көлемді бірнеше елі сиып кететін жер. Адам қолының әсері тимеген, ірі өндірістің зияны шалмаған тың тумса табиғаты бар. Жер асты қазба байлығы мол тусыраған өлке.
Монголия 21 аймақтан құралады. Астанасы Улаанбаатар қаласы.
Аймағы сұмынға, сұмыны баққа бөлінеді. Сұмыны — 330, бағы — 1568.

Сол 21 аймақтың бірі — Баян-Өлгий қазақтары тұратын аймақ. 1940 жылы құрылған. Баян-Өлгий монголдың ең батыс шетіне таулы өлкеге орналасқан.
Үш мың метр биіктіктегі Алтай тауы аймақтың айналасын түгел қоршап жатыр.
Арасында алыстан көз тартатын мәңгі мұздық таулары көп.
Қазақтар мұнда көбінесе цин империясы тұсында қытайдың батыс өлкесінен
1860 — 1870 жылдары көшіп келіп қоныстанған.

Астанасы Улаанбаатардан 1760 км қашық. Ховда өзені Өлгий қаласының ортасынан өтеді. Бір көргеннен-ақ аймақ қалқы ауқатты тұратындығы көзге шалынады. Әрбір үйде қос-қостан машина мопед, мол дастархан. Жазда сай сала толған ақшанқан қазақ үйлер тізіліп салтанат құрады. Осының тағы бір айғағы халықтың күрт өсімі. Қала көлемі екі есеге өсіп Бөкентау аумағына сиыспай қалған.
Өлгий қаласының өзінде 32 мың адам тұрады. Аймақ бойынша 98 мыңнан астам. Аймақта 13 сұмын бар. Олар: Алтай, Алтанцугц, Баяннуур, Бугат, Булган, Буянт, Дэлуун, Ногооннуур, Сагсай, Толбо, Цагааннуур, Цэнгэл, Улаанхус деп аталады.
Аймақтың батыс шекарасында Алтай-Бес-Богда ұлттық парк бар. Оған апаратын жолдың қашықтығы Өлгийден 120 км. Улаанхус, Цэнгэл сұмындарын басып әрі қарай Ховда өзенін жағалап кетеді. Жол жайы қиын. Кедір-бұдыры тасы көп, 20 мильден асып жүру сирек кезігеді. Сонда да адамдар баруын еш тоқтатпайды.

Шет елдерден туристер көп барады. Оларға жол көрсетушілер мен тілмаштар да көп табылады. Туристер олардың еңбегіне қымбат ақы төлейді. Монголияға баратын туристердің көбі Баян-Өлгийді соқпай өтпейді. Туристер Өлгий халқының кіріс көзінің біріне айналған.

Аймақта үлкен ашық базар жұмыстайды.
Интернет жүйесі өте жақсы дамыған.
Теледидарда монголдың цифрлық жүйесі жұмыстайды. Спутник арқылы Қазақстанның барлық каналын көреді. Өз каналдарынан күніне екі сағат қазақ тілінде теле хабар беріледі.
Радио торабы 1965 жылы Чехословакияның көмегімен салынған. Теңіз деңгейінен 4700 метр биіктіктегі монголдағы ең биік радио станция антеннасы осы Баян-Өлгийде. Оның жеке өз биіктігі 350 метрге жетеді. Баян-Өлгий радиосы күн сайын бір сағат қазақ тілінде хабар таратады. Аймақ жаңалықтары монгол тілінде:
«Баян-Өлгий аймаг атты»   әкімдіктің арнаулы сайтында
жарияланады. Монголдан Атажұртқа келген біздер үшін ондағы елдің жаңалықтарыда жат емес деп ойлаймын. Монгол елінің күнделікті видео жаңалықтары:
«Цагийн хүрд» мэдээллийн хөтөлбөр
сайтында шығады. Видео дыбысы басылып тұрады, қосу үшін видео жүктелген соң динамика белгісін шерту керек. Және монгол раиосы: Монголын үндэсний радио Қарай жүруіңізге болады.
«Жаңа дәуір» баспасы айына бір рет, «Шұғыла» журналы үш айда бір шығып тұрады. Аймақ көлемінде Ресейге, Қазақстанға шығатын Қызыл үй, Қытайға шығатын Даян бекеттері бар. Аймақта мал шаруашылығы 11 мыңға жуықтайды.
Халықаралық әуежайы бар. Қазақстанның Өскемен қаласы мен Астанасы Улаанбаатар қаласына ұшақ қатынайды.
Хотгор кені аймақты көмірмен қанымдайды. Қазба байлығы да мол. Вольфрам, полиметал, мыс, алтын, күміс, қараметалдың рудалары бар.

Ою

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *