Дайын жайлауында

Біз кеткеннен бері де мұнда өзгерістер көп екен. 1985 — 1989 жылдары Совет Одағында Комунистік Партияның бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачевтің бастауымен қайта құру кезеңі басталды. Бұдан Орыс елінде қандай саясат жүрілсе соны өзгеріссіз қабылдап отыратын Монгол елі де тыс қалған жоқ. Қайта құру саясаты монголда да басталып кетті. Ел көп партиялылыққа өтіп, жаңа партиялар құрылды. Дәулет бұрынғыдай ортақ емес, жеке меншікке өтетін болды. Бұрын коммунистік тәртіптің ықпалында жүрген халық бұны бостандықтың нышанындай сезініп қолдап әкетті. Сөйтіп айналасы бес-алты жылдыңъ ішінде нарықтық ел болып шыға келдік. Қайта құру тек Советтер Одағы мен Монголияда ғана емес, барлық советтік автономиялық республикаларда жүрілді. Советтер Одағы құлады. Сонымен қатар бүкіл Социалистік одақтас елдер ыдырап тынды. Бұрын бір елден екінші бір елге көшуге ұлықсат берілмейтін еді. Қазір қай елге көшіп барып өмір сүрем десең де еркің болды. Екі үкімет арасында Монголдан Қазақстанға көшіп барып бес жыл жұмыс істеуге болатын шарт жасалды. Шарт бойынша бес жылдан кейін Қазақстан азаматы болып қалып қоюға немесе қайта көшіп кетуге болатын еді.
Қазақстанға көш Монголдың Баян-Өлгий аймағында 1991 жылы қаурыт басталды. Ел іші ұзын құлақтан иә болмаса өтірік өсектен құр қалған ба?! «Монгол бұрынғы ескіше жазуына көшеді екен» дейтін ұзын құлақ жүрді. «Үш жылдан кейін көшпегендер қоржынын арқалап Қазақстанға жаяу барады екен» деген сәуегей өсек тарады. Монгол үкіметінен қазақтарға еш қысым болған жоқ. Көшудің негізгі себебі: «Монгол ескі жазуына көшсе балаларымыз надан болып қалады» деген қауіптен болды. Бірақ та Монгол әлі күнге ескі жазуға көше қойған жоқ. Тіпті көшпейтін де болар.
Сөйтіп біз елмен бірге 1992 — жылы ата-мекен Қазақстанға көшіп кеттік. Содан бері де 27 жыл өтіпті. Арада сонша жылдар өтсе де туған жерге деген сағыныш басылмайды екен. Керісінше күн өткен сайын сағыныш арта түсетін сияқты. Оның биік заңғар ала таулары, мөлдір тұнық өзен сулары, тау арасының терең шатқалдары, ашық көк аспаны, каусардай таза ауасы бәр-бәрі санаға сіңіп, көкірекке ұялаған қалпында. Бүгін ғана көшкендей санада сайрап тұрады.
Кәрі Ховда өзен Өлгий қаласының ортасын қақ жарып ағып жатыр. Алыстан көзге түсетін радио антеннасы қалаға көрік беріп, өлшеусіз биіктікті нұсқап тұр. Қаланың өзі де осы жылдар ішінде биікке көтеріліпті.
Алып тұлғалы Бөкен тау қаланы баурайына алып, желдің ызғарынан, аяздың арынынан, кардың хаһарынан қорғап тұрғандай. Ховда өзеннің нәрімен нәрленіп, Бөкен таудан бөлінген мейірімге бөленгендей, қала өз көркін табиғатпен үндестіктен тауып тұр.
Қазақстанға көшкен елдің саны аз емес. Сондада адам саны өсіп, артпаса кемімеген. Халықтың саны өсуі — ондағы тұрмыс-тірліктің жаман еместігінің көрсеткіші. Шынында солай екеніне көзіміз жетті.
Баян-Өлгийден біз Дайында келін түсірген үйдің тойына бардық. Дайынның жолы бір жағынан ұзақ екінші жағынан қиын жол. Балшықтан, судан, сай жылғаларындағы кесек қой тастардан өту керек. Мықты деген уазбен ғана жетуге болады. Машинаның мықтылығын, шофердің алғырлығын сынайтын жол десе болғандай. Соған қарамастан тойға барушылар саны көп болды.
Оның сай саласында малмен отырған ауылдар да жетерлік екен. Жүрген жерінде саяхаттан, қызықтан құр қалмайтын шетелдік туристер де фото мен видео камераларын асынып келіпті.
Бұл жерде еш бір құрылыс жоқ. Тек қана мал қамымен көшуге жеңіл деп қазақ үймен отырған ағайын-туыс үш төрт үй бар. Той иелері осылар.
Ауылдың дәл іргесінде жіңішке бұлақ ағып жатыр. Бұлақ жағасының бір кеңдеу көгал алқабын стадион тәрізді етіп жасап, орындықтар қойылып, сырмақ, кілемдер төселген. Тойды жүргізетін тамада мен әншілер үшін столдар қойылған. Ашық аспан астында болғанымен қалада өткен тойдан төмен деп айта алмайсыз.
Күреске аймақта атағы бар палуандардың көбі келіпті. Әр түрлі жастағы ат бәйгесі болды. Бас бәйге тай, бас палуанға өгіз берілді. Кейінгі орындарға кілем берілді. Орынға ие болмағандар да силықтан құр қалмады. Аттың тері, палуанның еңбегі толық өтелді. Бұрын 80 — жылдар кезінде бір совхоз әрең жасайтын тойды қазір қарапайым бір семья жасап отыр. Және банкіден кредить алмай, жиған табысын ғана жұмсаған. Жетістік деп осыны айтса болар. Бұған қарағанда аймақ елінің тірлігі жаман емес екені белгілі.
Ауылдың оңтүстігінде қол созым жерде мұз тау шығысқа қарай созылып жатыр. Етегінен таудың ортасына дейін өрлей өскен қарағай. Мұнда арқар, тау ешкі мекендейтінін айтады. Тау басындағы мәңгі мұздықтардан кішігірім өзен бұлақтар бастау алып төмен құлдилай ағады. Ол жолында жартастарға кезіккенде тастың биіктігіне қарай үлкенді — кішілі сарқырама пайда болатын көрінеді. Таудың арғы жағы қытайдың жері дейді.
Бізді Баян-Өлгийдегі құдамыз алып жүрген еді. Той тарқаған соң сол су сарқырамасын көрсетем деп машинамен тау беткейіне қарай алып жүрді. Шоперіміз құданың өз баласы болған соң әкенің бұйрығы заң ғой. Жол қиын, жүре алмаймыз демеді.

Бастабында шөп арасынан әрең көрінетін ескі жолдың сорабы бар еді. Біраз жүрген соң ол да жоғалды. Беткейі тік тауға жолсыз өрмелеу тым ауырлау болды. Тура тартып жүре беруге келмейді. Бірде жауын орған жылғалар бөгесе, енді бірде ағаштар арасынан ашық жер тауып өту қиынға соғады. Нағыз тізгіншінің өнерін сынайтын жол екен. Сонда да ол жол қиындығын жеңіп жетер жерімізге жеткізді. Тойда жеген ет, ішкен қымыздың буымен көрікті жерге жақсы серуендеп қайттық. Құдаға рахмет! Айта кетсем келін түсірген той иесі құданың қарындасы болатын.

Дайын тауының табиғаты тамаша. Ауасы салқын, Қарағайлы орманы түрленіп арасынан мұз таудан тебіндеп келген өзен күркіреп ағып жатыр. Төменіректе биік жартастан құлап түсіп жатқан үлкен сарқырамасы бар. Табиғаттың көркі өзеннің, сарқыраманың дауысы көрінісі сергітеді, жанға шипа!

Міне біз сол тауда өзеннің жағасында отырмыз. Артымыздағы ағаштардың арасында өзен бар. Сол жақта мен — Тохай, Алтай, Шөлен құда, Зәуреш, алдыда үш бала сол жақ артта құданың ұлы мен келіні отыр.

 

Дайын тауында

Ою

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *