Қазақ халқының асыл қазынасын бірі мақалдар мен мәтелдер. Олар қысқа ғана бір-екі ауыз сөзден құралса да түпкі мағынасы тереңде жатады. Көлемі шағын болсада салмағы басым болып келеді
жол мұраты жету, қыз мұраты кету. Үйірі басқаны ноқта қосады, Атасы басқаны құдай қосады. Бала артта қалған із, Бахыт ұзатылған қыз, Байлық қолға ұстаған мұз, Силастығымыз сіз бен біз. Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді. Жібекті түте алмаған жүн қылады, Әйелді күте алмаған күң қылады дейді. Жақсы әйел - ырыс, Жаман әйел - ұрыс. Ата-анадан жар - жақын. Сұлу - сұлу емес, Сүйген - сұлу. Әйелі жоқ үй - жетім. Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті. Келін жаман емес, Келген жері жаман. Әйел үйдің - көркі, Еркек дүздің - көркі. Үйді қырық еркек толтыра алмайды, Бір әйел толтырады. Жақсы жұбай жарым - бахыт. Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады. Жаман еркек жақсы Әйелді жер қылады. Келіні жақсының Керегесі - алтын. Қыз үйде - қылығы интернетте Болып тұрған заман. Болат болмас суарғанмен Жасықты. Кісі болмас демегенмен Пасықты. Дананы ойынан Батырды сойынан Ізгіні ісінен Жақсыны түсінен. Көлгірді көзінен Суайтты сөзінен біл. Азға - қанағат Барға - тәубе Жоққа - сабыр. Біз ешқашан қолда Бардың қадірін білмейміз Тек қана жоқты іздейміз. Жұмсақ ағаш - құртқа жем Жұмсақ адам - жұртқа жем. Торға түскен бұлбұлдан Еркін жүрген торғай артық.