Астанада ең үлкен жаңа мешіт ашылды.

Мешіт 2022 жылы 12 тамызда ашылды. Шараға еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-аккаунтында мәлімдеген.

Мұнда Назарбаевтің жүру себебі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заң әлі күшін жоймаған. Сондықтан да өз күшін сақтап тұрған заң бойынша, Назарбаев әлі елбасы әрі тұңғыш президент болып есептеледі.
Мешіттегі күмбез құрылым түрі бойынша әлемдегі ең үлкен күмбез екен. Мешіттің қабырғалары мен күмбезінің іші түрлі-түсті оюлар, өрнектер, Құран аяттары және дұғалармен безендірілген.
Бірақ, негізінен, қазақ өрнектері салынған.
Көк түсті бас күмбездің биіктігі 83,2 метрге жуық, диаметрі 62 метр болады
Төрт мұнара биіктігі — 130 метр. Әр мұнара бес бөліктен тұрады, олар исламның бес тірегі — иман, намаз, ораза, зекет және қажылықты бейнелейді. Сол қанаттағы бір мұнара туристерге ашылды. Қонақтар лифтпен көтеріліп, көріністі тамашалай алады.
Мешіттің кіреберіс есігі әлемдегі ең биік ағаш есіктердің бірі саналады. Ол тропикалық Африкада өсетін ироко қатты ағашынан қолмен жасалған. Оның биіктігі 12,4 метр, салмағы бір жарым тонна. Есіктері қазақы өрнектермен безендірілген. Ал сыртқы қабырғаларында көгілдір фонға ақ араб өрме жазуы жазылған.
Мешіттің ішкі есіктерінің биіктігі 12 метр, терезелері түрлі-түсті ою-өрнектермен безендерілген әйнектен жасалған.
Құбыла жақтағы қабырғада Алланың 99 есімі қашалған. Мозаика қабырғаның ұзындығы 100 метр, биіктігі 22,4 метр. Мозаика түрлі түсті 25 миллион әйнектен құралған. Үлкен зал мен әйелдер намаз оқитын
жер толығымен қазақы ою-өрнектермен көмкерілген. Кілемнің жалпы ауданы 15 525 шаршы метр – бұл әлемдегі қолдан жасалған ең үлкен кілем. Кілемнің қалыңдығы 15 миллиметр. Ол Жаңа Зеландияда 100 пайыз жүннен тоқылған. Мешіттің жалпы ауданы 57 мың шаршы метр болады. Ғимараттың айналасында үлкен саябақ бар. Мешіт орналасқан жер телімінің ауданы — 10 гектар.
Жаңа мінәжат үйі көлемі жағынан дүние жүзінде ондыққа кіреді.Ірге тасы 2019 жылдың көктемінде қаланған.
Мешіттің ішіндегі ерлерге арналған залда бір сәтте 30 мың адам, әйелдерге арналған залда 5 мың адам сәждеге бас қоя алады.
Ал жалпы мешіттің ауласын қоса есептегенде бір сәтте 235 мың адам құлшылық ете алады.
Мешіттің ашылуына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов, экс-депутат Қуаныш Сұлтанов, BI-Group холдингі басшысы Айдын Рахымбаев және басқа да танымал тұлғалар қатысты.
Орайы келгенде айта кетсек 35 млн халқы бар Өзбекстанда 2000 мешіт болса, 19 млн халқы бар Қазақстанда 4000 мешіт бар екен.
Мешіт жайында адамдадың пікірі әр түрлі болды. Біреулер ауырухана мен мектеп жетіспей жатқанда мешіттің қанша қажеттілігі болды деді. Енді біреулер 30 жыл бойы халықты тонаған Назарбаевтің мұнда көрінгеніне наразы болды. Тоқаев келмегенде оның мешіт ашып жүруі үкіметті әлі басқарып отырғаны деп бағалады.

2022 жылғы жаңа жыл қарсаңындағы қар. 

Ою

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *