Бұл өлең шумақтары балаларыма арналған.
Мен бақыттымын балаларым жанымда
Сол себепті қызулық бар қанымда
Бес жағымда бес отауым түрғанда
Қуаныштан күлімдеп атады таңым да
Әке деген жылы сөзге жан ұйып
Жүрегіме күш беретін қан құйып
Әсерінен қуат алып, әл жиып
Жасап келем әлі күнге қалтиып
Үлкендері: Зәуреш, Сәулеш, Зурашым
Бүкпелемей айтар болсам турасын
Егер сендер болмасаңдар жанымда
Қай жапанға қаңғыр еді өз басым
Кішілері: Жанаргүл мен Гүлмира
Айналайын бәрің үшін жан пида
Төбем көкке жеткендей масаттанып
Сендер барда жаман әкең шалқиды, ә!
Бірліктерің керемет қой жандарым
Сол емес пе менің күткен арманым
Көріп жүрміз араздасқан талайды
Құдай одан сақтай гөрсін балларым!
Ардақ пенен Еркежаным күнім ғой
Арқат деген немерем бар күнде той
Осылардың қызығына кенеліп
Жүру деген бұл өмірде бақыт қой!