Менің жерім

Жыр етейін жырлайын
Мекен еткен жерімді.
Мадақтайын мақтайын
Өлгейлік қазақ елімді.

Елімнің алтын ордасы
Жүрегімнің сырласы
Орталық Өлгей қалам бар.
Сан мыңдаған адам бар
Жарқын өмір заман бар
Қызғалдақтай жайнаған
Жастар міне, қараңдар!
Бұл Өлгейім ішінде
Нелер барда нелер жоқ
Таң қаларлық ғажайып
Шеберлері сондай көп.
Қараңыз енді бұл жаққа
Қонғалы келед самолёт
Елімнің бұл өркені
Айтып-айтпай не керек!
Қараңыз енді мынаған
Иір қиыр жолменен
Зымырайды жүк тасып
Түйенің орнына машина!
Бұл машина үстіне
Тиегені көмірі
Бұл заманда елімнің
Осындай шаттық өмірі.
Бұны көрген адамның
Тасыған судай көңілі.
Бұдан төмен құлдасақ
Бұғы деген сай екен
Мекен еткен бұл жерді
Халқы да сондай бай екен.
Изен жусан шөбісі
Жұпардай аңқып иісі
Шөбі мұның май екен.
Бұдан төмен құлдасаң
Биік-биік таулар тұр.
Сол таулардың түбінде
Арпалысқан кімдер жүр.
Бұлар өңкей ер екен
Маңдайдан аққан тер екен.
Талқандап тауды қопарып
Болашаққа жол салып
Құлатып құзды жүр екен.
Бұл жердің аты не десең
Атақты қыпшал шың құздар
Төбесі тіреп көк аспан
Аспанмен бойы таласқан
Іргесінде Ховда өзен
Салтанат сәні жарасқан.
Көреміз бүгін кең жолақ
Машина жолдың біткенін!
Бұрынғы күйін қарасаң
Шыңыраудың ортасы
Жалғыз аяқ ат жолы.
Аяғың тайса біткенің
Өзеннің түбіне кеткенің.

Қыпшалдың сайы біткенде
Бұдыр-бұдыр қараған
Бөлек-бөлек арал боп
Өзеннің суы тараған.
Қара үзүр мен Бор үзүр
Жалғасып жатыр көп орман.
Осы жерлерде туған ед
Мендегі балалық көп арман.
Бұдан төмен құлдасаң
Қара-арал деген жерім бар.
Тоғайдың шығыс жағында
«Буаз» деген белім бар.
Кәсіп жасап мал баққан
Ховдалықтың халқы бар
Қазақша дәстүр салты бар.
Кіндік кесіп кір жуған
Сағындым сені «Қара-арал»

Биші қыздар

Театрда толған адам
Көз алмастан сахнадан
Қызық күтіп отырмыз.
Шымылдықтар кейін қашып
Ортасынан сәуле шашып
Билеп шықты бір топ қыз.
Сылдырлатып моншақтарын
Мың бұралтып саусақтарын
Түрлі қимыл жасады.
Жерден алтын уыстап ап
Үлестіріп туысқа бақ
Оңды солды шашады.

Домбыра

Ағайдың жасап алған домбырасы
Шыңғыртып құлақтарын оң бұрашы
Сыңғырлап үн шығарад шертер болсаң
Төңірек таң қалардай кәрі жасы.

Кем емес ұзындығы бір метірден
Ағашын қиыстырып кім келтірген.
Әуені қоңыр сазды қос ішектің
Қалықтап биіктерде тербетілген.

Қазақтың асыл өнері
Тіл бітірген ағашқа
Қолдан жасап алыпты
Оны біздің ағашка.

Ою

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *