Ескіше жыл санау

Бұл таблицада ескіше жыл санау 1924-тен 1995-ке дейін 71 жылды қамтиды.

Тышқан 1924 1936 1948 1960 1972 1984
Сиыр 1925 1937 1949 1961 1973 1985
Барыс 1926 1938 1950 1962 1974 1986
Қоян 1927 1939 1951 1963 1975 1987
Ұлу 1928 1940 1952 1964 1976 1988
Жылан 1929 1941 1953 1965 1977 1989
Жылқы 1930 1942 1954 1966 1978 1990
Қой 1931 1943 1955 1967 1979 1991
Мешін 1932 1944 1956 1968 1980 1992
Тауық 1933 1945 1957 1969 1981 1993
Ит 1934 1946 1958 1970 1982 1994
Доңыз 1935 1947 1959 1971 1983 1995

Екінші таблицаға 1996-жылдан 2067-ші жылға дейін тағы да 71 жыл сиысқан. Қазақша мүшел жылын санау алдымен 13 жыл бір мүшел болады. Бұдан соң 12 жылдан қосып отырады. Мүшел жас: 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97, 109 жас, бұл тоғыз мүшел.

Тышқан 1996 2008 2020 2032 2044 2056
Сиыр 1997 2009 2021 2033 2045 2057
Барыс 1998 2010 2022 2034 2046 2058
Қоян 1999 2011 2023 2035 2047 2059
Ұлу 2000 2012 2024 2036 2048 2060
Жылан 2001 2013 2025 2037 2049 2061
Жылқы 2002 2014 2026 2038 2050 2062
Қой 2003 2015 2027 2039 2051 2063
Мешін 2004 2016 2028 2040 2052 2064
Тауық 2005 2017 2029 2041 2053 2065
Ит 2006 2018 2030 2042 2054 2066
Доңыз 2007 2019 2031 2043 2055 2067

Бүл таблицаларда мысалы туған жыл доңыз 2007- жыл болса, туған жылдан кейін тұрған жылдарға бір санын қосса
мүшел жас болады. Сөйтіп осы қатардағы жылдардан мүшел жасты біле аламыз.

Күн аттары

1. Бүгін. Дүйсенбі.
2. Ертең. Сейсенбі.
3. Бүрсігүні. Сəрсенбі.
4. Арғы күн. Бейсенбі.
5. Ауыр күн. Жұма (қасиетті күн)
6. Соңғы күн. Сенбі.
7. Азына. Жексенбі.

Ескіше ай аттары

Наурыз (март), Көкек (апрель), Мамыр (май), Маусым (июнь), Шілде (июль), Тамыз (августь), Қыркүйек (сентябрь), Қазан (октябрь), Қараша (ноябрь), Желтоқсан (декабрь), Қаңтар (январь), Ақпан (фебраль)..
Көкек айын «Сәуір» деп те атаған. Сәуір болмай тәуір болмайды деген сөз бар.
Бұрын қазақта ескіше айдың көрінісі арқылы күн есептеу тәсілі болған. Сол арқылы күннің қашан жылынып, қашан суытатынын
дәл болжап отырған. Соның бірі айдың үркер шоқжұлдызымен қабаттасуы, тоғауы. Айдың тоғауы кезінде ауа райы өзгереді.
Айдың үркерді басып өтуі «тоғыс» деп аталады. Дәл тоғыс кезінде үркер айдың арғы жағында таса қалады да жердегі адамдарға көрінбейді. Ай жылжып өткен соң тоғыс аяқталып, үркер көрінеді. Тоғыс үш күнге жалғасады. Ал жазда үркер түнде көрінбейді.
Тоғыс айының ұзақтығын ғылымда 27 күн 7 сағат 43 минут деп есептейді. сферасының екінші жартысында көкжиектен төмен кетеді де, жер шарының солтүстік жартысындағы елдерге 40 күн көрінбейді. Қазақ мұны «үркер 40 күн жерде жатады» деп атайды. Яғни 40 күн шілде, 40 күн ыстық болады дейді.

Ою

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *