Медина менің жиеншарым
Арқалық пен Дианадан кішкентай
Медина.
Медина кішкентай жиен
Қолдасын тәңір ием.
Қалтаңдап жүргенін көргенде
Мынандай ой түйем.
Тыпың-тыпың басқаның
Кәмпит екен шашқаның.
Қуат беріп құдайым
Ашық болсын аспаның.
Былдыр-былдыр тілің
Ойынмен өтер күнің.
Сезінбей жүріп өсесің
Өмірдің күрделі жігін.
Кішкентай ғана сәбисің
Күн сайын өсіп, дамисың.
Сөйтіп жүріп соңында
Төңірегіңді таныйсың.
Бал-бөбек шақты кешіп
Жетіле бер мысқалдап өсіп.
Алдыңда өнер білім кілті
Ашылғалы тұр саған есік!