Аруна жиеншар бір жаста

Азамат пен Дианадан бүлдіршін Аруна.

Аруна деген балдырған
Исімен мейір қандырған
Әлдилеп әнге салдырған
Бір жасқа келіп қалыпты
Қуантып мұқым халықты
Сол үшін нағашы атасы
Былай деп әнге салыпты.

Өнегелі үлгілі
Өнер білімнің дүлдүлі
Дүниенің бір — гүлі
Болып шықсын бір күні.

Қатарынан қалмасын
Қанаттары талмасын
Аспандағы қырандай
Биіктерге самғасын.

Қолынан өнер келетін
Қиындықты жеңетін
Азамат болсын жан жақты
Мінезі болсын салмақты
Ден саулығы мықты боп
Құдайым берсін зор бақты.

Ою

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *