Батыр бабалар

Сатыпалдыұлы Байғара

Байғара менің — жетінші атам. Менің балаларым үшін — Киікбай жетінші ата болады.

Кикбайдың әкесі Байғара жас ботаның жілігін адамның сынған жілігіне жымдастыра білген оташылдығымен тарихта қалған адам екен. Осыған байланысты Байқараны жұрт «Оташы аға» деп атаған дейді көнекөз қариялар. Байғараның балалары: Байгелді, Жанкелді, Белгібай, Жайықбай, Теңізбай, Елікбай, Киікбай деген жеті бала.

Байғараұлы Киікбай

Киікбай бабамыз 1693 — жылы Қалба өңірінде дүниеге келіп, 1741 — жылы жоңғармен соғыста Арқа жерінде ерлікпен дүниеден өтіпті. Ақмола облысының Атбасар ауданының Сергеевка ауылы маңайында жерленген екен. Киікбай атамыздың
тағы бір ерлік ісі Шерушіге қоныс іздеп, қалың қамысты аралап сарбаздарын бастап ат бойы алда келе жатқанда ұйықтап жатқан жолбарыстың үстінен түсіп қалады. Өзіне атылған жолбарысты ат үстінен найзамен шанышқан күйі өлтіреді.
Киікбай Шеруші, Бақат руының биі сөзге шешен елге көсем болған адам дейді.
Киікбайдың балалары: Арық, Құл, Көбеген, Оңбай деген төрт бала. Балаларының атын елінің және өзінің сол кезде қандай күйде болғанына жарай қойып отырған.

Киікбайұлы Көбеген

Көбеген менің бесінші атам. Балаларымның алтыншы атасы.
«Алдымен өр Алтайға уақ келген, артынан керей, найман шұбап келген» делінетін қазақ халқын Қалба тауынан Алтайға бастаған Көбеген ақылдың да, қара күштің де иесі болған дейді. Әкесі Киікбайдың өсиеті бойынша сол замандағы қилы соғыстан елін сақтап қалу үшін көшті бастап қазіргі Алтай аймағының Буыршын өңіріне келіп қоныстаныпты. Жаңа көшіп барған елге өріс-қоныс мал жайылымы тар болғандықтан
сол жердегі торғауыттың бір байынан жер сұрауға барған екен. Бай үлкен бір тасты көрсетіп осы тасты көтерсең жер аласың депті. Көтере алмайды, жер өзімде қалады деп ойласа керек. Сондағы Көбеген көтерген көкшұбар тас кейін құрылыс салғанда шығарған үйінді топырақтың астында қалады. Ел тарихын ескерген азаматтар көкшұбар тасты көміліп қалған жерінен қазып алып шығады. Содан бері бұл тас тарихи мәні бар көрмеге айналған екен. Көбегеннің Тортай деген баласына Көгедай гүннің тілі тиіп ауырып өліпті. Тортайдың артынан Көбеген Ақтай, Бозтай, Ырысбай, Кәрібай атты төрт ұлды болады.

Көбегенұллы Ақтай

Ақтай менің төртіінші атам. Менің балаларымның бесінші атасы болады.

Ақтай бабамыз бірде атпен келе жатып өзіне қарсы шапқан кісі алатын бураны қамшымен жалғыз ұрып өлтіріп жіберіпті. Осы сияқты ерліктері ел ішінде өте көп айтылады. Осылайша аңыз болып бірден-бірге тарап отырып бізге жеткен екен.
Төреден жер сұрап алып ел іргесін кеңейту үшін жанында бірнеше серігімен келе жатып аюдың шабуылына ұшырайды. Сол сәтте Ақтай бабамыз аюға шалманы салып жіберіп қылғындырып тарта жөнеліпті. Аю әбден қалжырап жығылғанда
арқанды босатпай тартып тұр деп Мырзабайға беріп, өзі аттан түсіп аюды басып отырып аузын қыл арқанмен буып ноқталап алыпты. Тұрғызып арқаннан ұстап отырып алдыға салып айдаған ғой. Бастабында қарсылық көрсетіп дұрыс жүрмеген. Аюды үйреткен таяақ дегендей жонынан қамшы өткеннен кейін еріксіз жұретін болған. Осылайша аюды апарып, Ажы төреге сыйға тартып жер алған екен. Ақтай не істесе елі үшін істейді екен. Алғаш Алтай өңіріне көшіп барған кезде елге егін салу үшін өзеннен тоған тартып қонысқа су жеткізген. Жайылым жерін кеңейтіп жаңа қонысқа келген рулы елдің мекендеуіне жағдай жасап беруге күш салған көрінеді. Ақтайдың 14 баласы болған екен. Олар: Бектемір, Жантемір, Сомтемір, Жылқышы, Алтай, Қанжығалы, Сәйімбай, Бәйімбай, Қайырдын, Алатау, Туратау, Білдіқан, Тұрдықан, Жанай. Осылардың ішінде Жантемірде 8 бала бар. Олар: Мұқа, Мұқанбай, Мейірбай, Сәттібай, Бұқарбай, Мақаш, Бақтяр, Мұқамжар. Жантемір балалары ішінде біз Бұқарбайдан тараймыз. Бұқарбайдың 5 баласы бар. Олар: Самырқан, Лақан, Әділқан, Қовдақан, Білеуқан. Осы бесеудің ішінде менің әкем — Қовдақан.
Ақтай туралы және оның әкесі Көбеген туралы өте қызықты тарихи керекті әңгімені Көбегеннмен бірге жүрген Байғыдыр ақсақал осы жолда қасындағыларға әңгімелеп бергенін мына төменнен оқыңыз:

Бөрілер жортқан боз дала 

Ою

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *