Монгол президенті сайланды

Монгол өркені жағынан бәсеңдеу болғанымен, демократия жағынан алып көргенде біршама жетістікке қол жеткізген ел. Монголдағы коммунистік режимнің соңғы президенті Жамбын Батмөнхден кейін бес рет президент сайланған. Соның арқасында халықтың тірлігі жақсарып, экономикасы өсіп, монгол қазіргі таңда танымастай өзгеріп отыр, Өйткені әр президент әр түрлі идеа әкеледі. Қатып қалған бір кісіге табынушылық болмайды.
2017- жыл 7- шілдеде Монголия президентінің кезекті сайлауы өтті. Сайлауда Демократиялық партия кандитаты Х.Баттулга қарсыласы М.Энхболдыны жеңіп монголдың бесінші президенті болды.

Монголдың жаңа президенті Халтмаагийн Баттулга мырза қазір 54 жаста екен. Әке шешесі Баянхонгор аймақтан болсада көп жылдан бері астанада тұратын көрінеді. Баттулганың інісі және апайы бар.
Инаугурация салтанатында Халтмаагийн Баттулга көк түсті қарапайым монгол шапан киіп шыққан.
Көк түс монгол халқы үшін — көк аспанның, мәңгіліктің белгісі.
Жаңа президенттің шешесі Ц.Должинсүрэн инауграция кезінде ұлына көк түсті хадаг ұсынып, күміс кесемен сүт беріп тұрып: «Ұлым менің! Өз халқыңа адал да, сүйіспеншілікпен қызмет жаса!» депті.
Халтмаагийн Баттулга суретші, спортшы, кәсіпкер, саясаткер, және бұрынғы министр. Самбодан чемпион атағын алған. Ол 2006- жылдан монголдың дзюдо ассоциясының президенті. Содан бері ол монголдың дзюдосын қолдаумен келеді. Оның өркендеуіне арнап бір миллиардтан астам төгрөг қаражат құйған.
Х.Баттулга өзіне тиісті статусы бойынша берілген үлкен резиденцияға тұрудан бас тартқан. Бұл қатаң күзетілетін орын көрікті мемлекетттік қорық Богдо тауында орналасқан. Мұнда бұрынғы үкімет басшылары Ю.Цеденбал, Ж.Батмөнх, П.Очирбат, Н.Багабанди, Н.Энхбаяр и Ц.Элбэгдоржлар тұрған.
Оның орнына Х.Баттулга жұмысқа жаяу баратын жақын жерден шағын үйді таңдапты. Осыған қарап президент төңірегіндегілер басқада жоғарғы шенділер жұмыста және бос кезде ауыр жиптен, басқада сән-салтанаттан бас тартар деген үмітте.
Жаңа президенттің үлкен қызы Баттулгын Намуун 2012-жылы тұрмысқа шыққан. Монголдың ақпарат құралдары Намуун әкесінің ізімен жүріп, саясатпен айналысады деп топшылайды. Сайлау кампаниясы кезінде ол үнемі әкесімен бірге жүрген. Сайлау бөлімшесінде дауыс бергенде де әкесімен бірге келген. Сондықтан оны кейбір БАҚ өкілдері монголдың Иванка Трампысы деп атаған.

Монгол солтүстіктен орыс, оңтүстігінен қытаймен шекараласқан теңізге шығатын жолы жоқ ел.
Астанасы Улаанбаатар қаласы. Жер көлемі — 1 миллион 566 мың кв. километр. Адам саны 2015 жылы үш миллионға жеткен. 21 аймақ, бір Астанаға бөлінген. Жалпы ішкі өнімі адам басына шаққанда 11,882 $ келетін өркендеу үстіндегі мемелекет. Шекарасының жалпы үзындығы — 8220 км.
Мың адамнан 20 туылып, алтауы өледі екен. Жылдық өсім: 1.49% (2016 жыл). Бұрындары
Жамсрангийн Самбуу (1954-1972), Юмжаагийн Цэдэнбал (1940-1984), Жамбын Батмөнх (1984-1990) сияқты басшылар көп жылдар елді тұрақты басқарып келген.
1989 жылдың аяғында Монголын Ардчилсан Холбоо (Монгол Халық Бірлестігі) құрылып, үкіметке тақты босатуды талап етіп аштық жариялаған.
1990 жылы 3 айдың 9 ында монголдың бұрынғы үкіметі қарсылық жасамай, қан төкпей, бейбіт жолмен тақты босатқан. Мұндай ерекше тарихи қырғынсыз бейбіт төңкеріс жасау әрбір елдің қолынан келе бермейтін іс екені даусыз.
Монгол президенті төрт жыл сайын парламентте орны бар партиядан аты ұсынылып, халықтың дауыс беруімен сайланып, бір рет қайта сайлануға құқылы. Қайта-қайта сайлануға жол берілмейді.
Сол 1990 жылдан бергі уахытта Пунсалмаагийн Очирбат (1990-1997), Нацагийн Багабанди (1997-2005), Намбарын Энхбаяр (2005-2009), Цахиагийн Элбэгдорж (2009-2017), Халтмаагийн Баттулгалар (2017-жыл қазіргі) президентке сайланыпты. 

Баттулга 4 жыл тақта отырып 2021.06.25-інде келесі сайлауда босады. Орнына Ухнаагийн Хүрэлсүх отырды. 2022 жылдың басында монголда халық наразылығы бұрқ ете қалды. Оның басты талабы: Эрдэнэт Таван-Толгой компаниясынан қытайға экспортталатын көмірді «кімдер ұрлады аттарын атасын» деді. Үкімет талапты орындап комиссия құрды. Тексеру барысында көптеген жоғарғы лауазымды тұлғалар күдікті ретінде жауап беруге шақырылды. Соның ішінде бұрынғы президент Халтмагийн Баттулганың аты аталды. 

Қалай ойлайсыз, бізде осындай ұрлық болса халық талап қойып шығар ма еді? Егер шықса үкімет тарапынан талапты орындар ма еді?

 

Уран бүтээлийн үдэшлэг 60. СУЙС — дуулаачийн ангийн оютнууд. Арвайхээрийн хавар

Ою

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *