Жиеншар Динелге

Райымбек пен Балжанның бүлдіршіні Динел

Динел деген балапан
Ұясы болған алақан.
Алақанда әлпештеп
Өсіп шыққан балақан.

Ерітеді алдап күлгені
Қуантад қалтаңдап жүргені.
Жылу құяды көңілге
Уілдеген үндері.

Былдыр былдыр сөзің
Тудырған тәтті сезім.
Есте сақталып қалады
Кішкентай сәби кезің.

Ұзақ болсын жасың
Аман болсын басың.
Адам болып өсе бер
Өрге домалап тасың!

 

Ою

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *